АТУ халықаралық байланыстарын дамытып, Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясын кеңейтуде.

АТУ халықаралық байланыстарын дамытып, Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясын кеңейтуде.

Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде университетімізге Чехияның Брно қаласындағы Mendel University агроғылымдар факультетінің халықаралық департамент басшысы Ева Клепачкова ханым ресми сапармен келді.

Сапар барысында АТУ басшылығы, оқытушылар және қызметкерлерімен кездесу өтті. Тараптар өз оқу орындарын таныстырып, серіктестікті нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, осы күзден бастап АТУ студенттері мен оқытушылары Mendel University-де білім алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Алдағы уақытта серіктес университет өкілінің АТУ студенттері және оқытушыларымен кездесулері жоспарланған. Бұл кездесулерде ғылыми және академиялық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің басым бағыттары қарастырылады.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасы аясында АТУ-дың негізгі бизнес-серіктестерінің бірі — «Carlsberg Kazakhstan» компаниясына бару көзделген. Бұл университеттің білім беру бағдарламаларының өндіріс саласымен және халықаралық стандарттармен тығыз байланысын көрсетеді.