АТУ ИжАТФ серіктес компаниялар, жұмыс берушілер дөңгелек үстел форматында кездесті.

АТУ-дың Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінде серіктес компаниялар мен жұмыс берушілердің қатысуымен Дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.

Іс-шара білім беру бағдарламаларын жаңарту және 2026–2027 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімін талқылауға арналды.

Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы және «Agile Soft», «IMAGINE Development», «INVENTIVE», «DAURAN GROUP», «Digis Education», «LF company», «TitanAlmaty» және басқа да жетекші кәсіпорындардың өкілдері белсенді қатысты.

Кездесу барысында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын жаңарту, элективті пәндер каталогына жаңа курстар енгізу, заманауи өндірістік технологиялар мен талаптарды оқу үдерісіне интеграциялау мәселелері талқыланды. АТУ-дағы оқу үдерісі еңбек нарығындағы жаңа үрдістерге және жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптарына сай жүргізіледі.