АТУ IQAA-2026 институционалдық рейтингі бойынша Қазақстанның ТОП-3 техникалық жоғары оқу орындарының қатарына енді

АТУ IQAA-2026 институционалдық рейтингі бойынша Қазақстанның ТОП-3 техникалық жоғары оқу орындарының қатарына енді
Алматы технологиялық университеті Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) жариялаған IQAA-2026 институционалдық рейтингінде Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары арасында 3-орынды иеленді.
IQAA институционалдық рейтингі – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қызметін тәуелсіз бағалайтын жетекші рейтингтердің бірі. Рейтингті қалыптастыру барысында білім беру сапасы, ғылыми әлеует, кадрлық ресурстар, халықаралық ынтымақтастық, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл және университеттердің қызметін сипаттайтын өзге де негізгі көрсеткіштер ескеріледі.
АТУ-дың еліміздің үздік үш техникалық жоғары оқу орнының қатарына енуі білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылым мен инновацияны дамыту, цифрлық трансформацияны жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.
IQAA-2026 институционалдық рейтингінің жариялануы Алматы технологиялық университетінің Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі тұрақты ұстанымын және университеттің даму стратегиясының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді.