АТУ ЭжБФ студенттері Республикалық интеллектуалдық дебаттық ойынға қатысты

Экономика және бизнес факультетінің «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының студенттері «Ұлттық валюта күні — Теңге» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Цифрлық экономикадағы қаржы» тақырыбындағы Республикалық интеллектуалдық дебаттық ойынға белсенді қатысты.

Дебаттық ойын қорытындысы бойынша Болатжан Диляра, Умбетова Арайлым және Абдирахимов Рауан I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!