АТУ Еуразиялық желілік университеттің II Форумында

2024 жылғы 22-23 қазанда Минскіде "Еуразиялық желілік университет" Ғылыми-білім беру консорциумының II форумы өтті.

Форумның мақсаты: ғылым, білім және бизнестің өзара серіктестігін тереңдету, жоғары білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше елдердің еңбек нарығы үшін қосымша кәсіптік білім беру және кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын іске асырудың желілік нысандарын дамыту.

Форумды Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің, Беларусь мемлекеттік университетінің және Беларусь-Ресей университетінің қолдауымен Мемлекеттік басқару университеті ұйымдастырды. Іс-шараға еуразиялық кеңістіктегі 20-дан астам жетекші университеттердің басшылары мен өкілдері, министрліктердің, уәкілетті билік органдарының және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Байболова Ляззат Кемербековна өз баяндамасында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде іске асырылып жатқан университеттердің ынтымақтастық мүмкіндігінің моделін ұсынды, сондай-ақ Еуразиялық желілік университеттің Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Форум аясында Еуразиялық желілік университеттің "Еуразиялық интеграцияны дамытудың басым бағыттары"атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Секциялық отырыстардың негізгі тақырыптары "Еуразиялық интеграция жағдайында білім беру" және "ЕАЭО кеңістігінде жастарды адамгершілік – патриоттық тәрбиелеу: ұйымның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері" болды.  Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Мадина Бирлесовна Алиярова АТУ-дан "Интернационалдандыру: серпінді әлемдегі табыс стратегиясы" тақырыбында баяндама жасады.  Сондай-ақ, АТУ-дан "Қазақстандағы студент жастарды патриоттық тәрбиелеу" тақырыбында халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасының маманы Арапова Айжан баяндама жасады. 

Конференцияға қатысушылар мемлекеттік органдарды, академиялық және бизнес қауымдастықтарды интеграциялау мәселелерін, ЕАЭО-ның жалпы білім беру кеңістігін қалыптастыру перспективаларын, ЕАЭО жоғары оқу орындарында жастарды рухани және адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу құралдарын талқылады.

Форум аясында білім алушылар үшін Еуразиялық желілік университеттің көрмесі ұйымдастырылды. Беларусь жоғары оқу орындарының студенттері ESU қатысушы жоғары оқу орындарының материалдарымен танысты,  ESU қатысушы жоғары оқу орындарында академиялық алмасу бағдарламаларына, олимпиадаларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.