«АТУ Эндаумент» қоры Halyk Scholars стипендиясына конкурс жариялайды

«АТУ Эндаумент нысаналы капитал корпоративтік қоры» «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның нысаналы салымы есебінен қаржыландырылатын Halyk Scholars атаулы стипендиясына конкурс жариялайды.

Конкурсқа экономика, қаржы, менеджмент, ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және робототехника бағыттары бойынша білім алып жүрген АТУ-дың 1–2-курс студенттері қатыса алады. Қатысушы АТУ білім алушысы мәртебесіне ие болуы және академиялық берешегі болмауы тиіс.

Қатысу үшін өтініш, жеке куәлік көшірмесі, транскрипт, дербес деректерді өңдеуге келісім және «Мен өз мамандығымды неге таңдадым және Қазақстанның болашағына қосатын үлесімді қалай елестетемін» тақырыбында 500–700 сөзден тұратын мотивациялық эссе ұсыну қажет. Бар болған жағдайда жетістіктер мен әлеуметтік жағдайларды растайтын құжаттарды қоса беруге болады.

Өтінімдер 2026 жылғы 5 желтоқсанды қоса алғанға дейін endowment@atu.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Хат тақырыбы: «Halyk Scholars — Т.А.Ә. — білім беру бағдарламасы».

Барлық сұрақтар бойынша: Әсел Болатқызы +7 702 495 23 34 (WhatsApp).

Конкурстың толық шарттары мен құжаттардың нысандары Ережеде берілген.

Halyk Scholars бекітілген ережесі

Атаулы стипендия алушының міндеттемесі

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Конкурсқа қатысуға өтініш