АТУ Экономика және бизнес факультетінің студенттері Қырғызстанның Бішкек қаласында орналасқан Мұса Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті базасында өткен Еуразиялық желілік университетінің жазғы мектебіне қатысты.

АТУ мен Мұса Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті арасындағы ынтымақтастық тарихы терең әрі жемісті.
Еуразиялық желілік университетінің жазғы мектебі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Беларусь елдерінің үздік студенттерін біріктірді.
Жазғы мектеп аясында студенттер баяндама жасап, мастер-класстар мен пікірталастарға қатысты. Онда кедендік ережелер, цифрлық жобалар және экономикалық одақтың өзекті тақырыптары талқыланды.
Сонымен қатар, студенттер «Supara» этно-кешеніне экскурсия жасап, Бішкек қаласының көрнекті орындарымен де танысу мүмкіндігіне ие болды.