АТУ Экономика және бизнес факультетінің студенттері Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

АТУ Экономика және бизнес факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Студенттер Қазақстандағы статистика тарихы туралы көптеген қызықты деректермен танысып, Бюроның жұмысы туралы толық ақпарат алды, сондай-ақ жұмысқа орналасу шарттары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жайлы мағлұмат алды. Сонымен қатар, студенттеріміз түрлі байқаулар мен викторинаға қатысып, өз білімдері мен эрудициясын көрсете білді. Іс-шара соңында болашақ жас мамандар үшін Департамент бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
с-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Департамент қызметкерлеріне, Экономика және бизнес факультетінің деканы Абдраимова Диана Байшагыловнаға, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Саханова Гаухар Бахытовна, «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі Рузиева Эльвира Абдулмитовнаға, ассистент-профессор Епанчинцева Светлана Эдуардовнаға және ассистент-профессор Ильяс Асельге алғысымызды білдіреміз.