АТУ эдвайзерлері бірінші курс студенттерімен кездесуге дайындалуда

Бірінші курс студенті университет табалдырығын аттағанда қарсы алатын ең басты адам - оның эдвайзері. Эдвайзер студенттің оқу барысында бағыт берер тәлімгері, жеке оқу жоспарын құрастыруда, қажетті материалды игеруде көмек көрсететін, академиялық үлгерімді бақылайтын екінші анасындай. Бұл оқу процесіне қатысты кез-келген сұрақтардың шешімін тауып беретін жан.

Эдвайзерлер - арнайы дайындықтан өткен білікті мамандар.

АТУ - эдвайзерлердің кәсіби командасы, ол әрқашан студенттерге көмекке келуге дайын.

Қазір біздің эдвайзерлеріміз оқудан өтіп, өздерінің жаңа шәкірттерімен кездесуге белсенді дайындалуда.