АТУ-дың Тағам технологиялары факультетінде жыл сайынғы «Бір күнге - АТУ студенті бол!» атты акциясы өтті!
Факультет оқытушылары мен студенттері мектептер мен колледждердің бітіруші сынып оқушыларын АТУ қабырғасында қарсы алып, университет бойынша экскурсия ұйымдастырды, білім беру бағдарламалары мен АТУ-ға түсу тәртібі туралы кеңінен ақпарат берді.
Болашақ АТУ студенттері сондай-ақ көкөніс, сиыр еті және құс еті салынған канапелерді және бірнеше түрдегі коктейль-салаттарды дайындау бойынша шеберлік сабағы форматындағы практикалық сабаққа қатысты. Іс-шара соңында дайындалған аспаздық туындылардың дәмін татты.
Қонақтарымыз АТУ-дың брендтелген сыйлықтарын алып, ең бастысы — көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді!
Іс-шара мен шеберлік сабағын ұйымдастырғаны үшін «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының сениор-лекторы Капбасова Алтын Мергенбаевнаға алғысымызды білдіреміз.

