АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары Факультетінде Факультет студенттері арасында өткен «MERCH ATU» конкурсының жарқын финалы өтті!
АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары Факультетінде Факультет студенттері арасында өткен «MERCH ATU» конкурсының жарқын финалы өтті! Өздерінің шығармашылық жобаларын 9 студенттік команда таныстырды. Барлық жұмыстар ұлттық айдентиктің ерекшелігімен және орындалу шеберлігінің жоғарылығымен көзге түсті.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
1 орын және 40 000 теңгелік сертификат – «Алау» командасы (Шамиль Назерке, Қалыбек Камила, Бақытжан Айым)
2 орын және 25 000 теңгелік сертификаттар – «ATUnity» (Жанарбекқызы Самға, Ерхан Жанел, Кадырова Мадина, Музафар Жасмин, Зиябек Мерей) және «Болашақ» командалары (Тұрарова Аяулым, Бағдатқызы Ақторғын, Хазал)
3 орын және 15 000 теңгелік сертификаттар – «Qushaq» (Алиақбар Сара, Нұрханқызы Аймекен, Қизайбекова Зарина, Акёл Суде Наз) және «StyleUp» командалары (Момынқұл Назерке, Ихласова Нұржайна, Боранқұл Айдана, Айтжанова Айгерім)
Сертификаттар Деканат және «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры тарапынан ұсынылды.
Жеңімпаздарымызды тағы да құттықтай отырып, кәсіби, шығармашылық табыс және шабыт тілейміз!









