АТУ-дың бітіруші курс студенттеріне халықаралық қытайлық «Fufeng Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті
АТУ-дың бітіруші курс студенттеріне халықаралық қытайлық «Fufeng Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
«Fufeng Group Limited» — азық-түлік және химия саласындағы қытайлық компания, тағамдық қоспалар, дәм күшейткіштер мен тәттілендіргіштер, сондай-ақ әртүрлі аминқышқылдары, гидроколлоидтар, дәмдеуіштер, құрама жемдер, тыңайтқыштар, косметикалық және фармацевтикалық өнімдер өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың бірі.
Кездесу барысында болашақ жас мамандар компания қызметінің бағыттарымен, іріктеуден өту, тағылымдамадан өту және алдағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шара АТУ-дың Мансап орталығының ұйымдастыруымен өтті.



