АТУ-дың №2 оқу корпусында ATU Open Day 2026 Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысындағы мектептер мен колледждердің бітіруші сынып оқушылары қатысты. Қонақтар үшін білім беру бағыттарының барлығы бойынша 30-дан астам шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Болашақ АТУ студенттері өз мамандықтарымен және оқытушыларымен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік алды.

Жаңа таныстықтар, жарқын әсерлер, сыйлықтар мен тәтті дәмдер, мерекелік көңіл-күй, позитивке толы эмоциялар, ұмытылмас ATU vibe – дәл осылай ATU OPEN DAY өз достарын қарсы алады!

Іс-шараға белсенді қатысқан АТУ-дың барлық факультеттері мен кафедраларына алғысымызды білдіреміз!

Ең үздігін таңда – АТУ-ды таңда!

АТУ коды – 053!
Шекті балл – 50!