АТУ-де "нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында ақпараттық-профилактикалық іс-шара өтті

АТУ-да жастар арасында жаман әдеттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған "Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында студенттер арасында есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық-профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шараға барлық факультеттердің студенттері қатысты, спикер болып полиция подполковнигі, Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Көбеев Дәурен Асқарұлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында жастар арасында есірткі, алкоголь және темекіні қолданудың таралуы мен салдарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Дәурен Асқарұлы нақты өмірлік мысалдармен, практикалық ұсыныстармен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.