АТУ-да жыл сайынғы «Үздік студент-2024» байқауының финалы өтті

⚜️ АТУ-да жыл сайынғы «Үздік студент-2024» байқауының финалы өтті. Биыл қазылар алқасының құрамында белгілі кәсіпкер және меценат Гаухар Сарсекеновна Каппарова қатысты.

✨ Гаухар Сарсекеновна Эндаумент АТУ Корпоративтік Қорын және біздің талантты студенттерімізді белсенді қолдайды. Меценат бастамасымен 2020 жылдан бастап Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты бекітілген, сондай-ақ Гаухар Сарсекеновна «АТУ үздік студенті» байқауының құрылтайшыларының бірі болып табылады.

1️⃣3️⃣ финалист «АТУ үздік студенті 2024» атану құрметті құқығы үшін күресті. Олардың ішінен қазылар алқасы 5 студентті үздік деп таныды:
1. Баймұқан Сымбат ДТжКТ
2. Байханов Нұрдаулет ИжАТ
3. Бисенгалиева Айкоркем ТТФ
4. Туребаев Рауан ИжАТ
5. Имамдунов Руслан ТТФ

Жеңімпаздарға Эндаумент АТУ КҚ атынан бір семестрге арналған стипендиялық гранттар берілді, сондай-ақ қатысқаны үшін сертификаттармен және АТУ-дан брендтік кәдесыйлармен байқаудың барлық финалистері марапатталды.

2024 жылға Үздік студенттерімізді құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер, тың білімдер мен қызықты жобалар және шығармашылық шабыт тілейміз!!!