АТУ-да жас ғалымдардың «Ғылым. Білім. Жастар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

АТУ-да жас ғалымдардың «Ғылым. Білім. Жастар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Пленарлық отырыста баяндамалар жасалды:

Мансурова Мадина Есимхановна – ф.-м.ғ.к., профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі.  Тақырыбы: «Қазақ тілінде оқытуды қолдау үшін RAG тәсілін қолдана отырып, LLM үлкен тілдік модельдерін пайдалану: модельді оқытуға арналған нұсқаулар әзірлеу».

Якияева Мадина Асатуллаевна – PhD, қауым.профессор, АТУ Жобалық офисінің жетекшісі. Тақырыбы: «Қазіргі заманғы тағам өнеркәсібінің трендтері».

Абенова Инкара Разимжановна – магистр, АТУ «Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасының сеньор-лекторы. Тақырыбы: «ZnO нанобөлшектерін тоқыма материалында бекіту: сіңдіру және бүрку әдістерін салыстыру».

Сапарғали Айдана Жандосқызы – магистр, АТУ 8D07105 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» БББ 3-курс докторанты. Тақырыбы: «Ара ұяларынан ара нанын алуға арналған ортадан тепкіш скарификатордың параметрлерін негіздеу және конструкциясын әзірлеу».

Отырыстар 6 секция бойынша өтті:"Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және тағам өнімдерін өндіру технологиясы мен техникасы, олардың сапасы мен қауіпсіздігі","Текстиль және жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен бұйымдарының технологиясы және қауіпсіздігі; дизайн және мода", "Тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірістеріндегі технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар. Технологиялық үдерістерді инфокоммуникациялық басқару", "Тағам, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының экономикалық мәселелері", "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы мәселелер" және "Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен даму перспективалары".