АТУ-да жас ғалымдардың «Ғылым. Білім. Жастар» атты жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
АТУ-да жас ғалымдардың «Ғылым. Білім. Жастар» атты жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Пленарлық отырыста баяндама жасағандар:
Кулайпбекова Акерке Асқарқызы — «8D05101 – Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Crataegus almaatensis табиғи сығындыларын жасаудағы ғылыми тәсілдер және халықаралық ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктері»..
Баймаханова Мөлдір Бекенқызы — «8D07206 – Азық-түлік емес заттар мен бұйымдарының қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Көп функционалды қасиеттері бар тоқыма материалдарының қауіпсіздігін бағалау әдістері».
Жұмахан Нұржан Бейбітұлы — магистр, «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының сеньор-лекторы. Баяндама тақырыбы«Стартап жобаларды әзірлеу және ғылыми ізденіс: инновациялық экожүйені қалыптастырудағы Robolab зертханасының тәжірибесі».
Секциялық отырыстар 6 бағыт бойынша өтті:
- Тағам және өңдеу өндірісінің технологиясы
- Жеңіл және текстиль өнеркәсібі
- Технологиялық процестерді механизациялау, автоматтандыру және ақпараттандыру
- Жалпы экономикалық мәселелер, қонақжайлылық индустриясы
- Жаратылыстану ғылымдары
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар







