АТУ-да жаңа оқу жылы алдында «Кадрларды даярлау жүйесіндегі заманауи сын қатерлер және АТУ міндеттері» семинары өтті

АТУ-да жаңа оқу жылы алдында проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысуымен «Кадрларды даярлау жүйесіндегі заманауи сын қатерлер және АТУ міндеттері» семинары өтті.

Семинарда бірінші проректор Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы, академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Байболова Ляззат Кемербековна, Ғылым және инновациялар жөніндегі Проректор Алиев Баходир Азимджонович және Білім сапасы менеджменті бөлімінің бастығы Демина Татьяна Михайловна баяндама жасады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Оқытушының табысты жұмысының негізгі аспектілері» атты практикалық семинар Академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Ляззат Кемербековна Байболова модераторлығымен өтті.