АТУ-да Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің делегациясымен кездесу өтті

Алматы технологиялық университетіне Туризм факультетінің деканы Н.А. Кыдыралиев бастаған Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің делегациясы келді.

Сапар екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамыту және серіктестік байланыстарды нығайту аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – АТУ-дың білім беру және ғылыми әлеуетімен танысу, сондай-ақ білім, ғылым және туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылау болды.

Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің өкілдері АТУ-дың тағам технологиялары саласындағы негізгі ғылыми бағыттарымен танысты. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға, ғылыми бастамаларды дамытуға және білікті кадрлар даярлауға мүдделілік білдірді.

Жұмыс кездесуі барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға, тәжірибе алмасуға, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шараларын өткізуге, сондай-ақ туризм және қонақжайлылық индустриясы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесу Алматы технологиялық университеті мен Қырғыз-Түрік «Манас» университеті арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып, алдағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын айқындады.