АТУ-да Варна Менеджмент Университетінің профессорымен кездесу өтті

АТУ-да Варна Менеджмент Университетінің (Vum, Болгария) профессоры Панчо Паневпен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «Туризм» бағыттары бойынша қос диплом бағдарламасын іске асыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Профессор Панев өзінің стратегиялық серіктесі Cardiff Metropolitan University (Ұлыбритания) болып табылатын университетін таныстырды.

✅ Кездесу қорытындысы бойынша қос дипломды білім берудің бірлескен бағдарламасын әзірлеуге дайындық басталды.