АТУ-да университеттің студенттері мен қызметкерлерінің «AMANAT» партиясының мүшелерімен кездесуі өтті
АТУ-да университеттің студенттері мен қызметкерлерінің «AMANAT» партиясының мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында партия өкілдері жаңа конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, өзекті қоғамдық-саяси бастамаларды талқылады.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының мүшелері қатысты. Фазылжан Анар Мұратқызы - филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Жалпыұлттық коалиция мүшесі; Ордабаева Найля Алтынбековна - «AMANAT» партиясы Орталық аудандық филиалының төрайымы, Жалпыұлттық коалиция мүшесі; Жумабаев Бакытбек Ашимович - Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі; Асабаев Махамбет Кайпназарович - «MaxMedGlobal» ЖШС директоры, Жалпыұлттық коалиция мүшесі.









