АТУ-да университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын аяқтау салтанатты рәсімі өтті

АТУ-да университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын аяқтау салтанатты рәсімі өтті!

Іс-шараға АТУ бірінші проректоры Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы қатысты. Бірінші проректор сөз сөйлеп, қабылдау комиссиясының қызметкерлері мен еріктілерге жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ АТУ ректорының атынан алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шарада АТУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Елшибаева Калимаш Закировна сөз сөйлеп, команданың барлық мүшелеріне алғыс айтып, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. 
Құттықтаймыз, атқарылған жұмыс үшін алғыс айтамыз және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!