АТУ-да Трубилина атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университеті бастығының орынбасарымен кездесу өтті

2024 жылғы 15-16 сәуірде «Алматы технологиялық университеті» АҚ қабырғасында И.Т. Трубилина атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университетінен келген (Краснодар қ., Ресей Федерациясы) халықаралық байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Л.В. Алгашевамен және Цифрлық экономика және инновациялар институтының оқытушысы И. А. Якименкомен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ынтымақтастықты дамыту, өзара алмасу негізінде ПОҚ қонақ дәрістерін оқуды ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ, оқытушы И.А.Якименко Экономика және бизнес факультетінің студенттеріне «Матрешкалар теориясы: бизнесті жүргізудің экономикалық модельдері. Бизнестегі тенденциялар», «Экономиканың объектісі мен субъектісі: транзакция, өнім және оның құрамдас бөліктері» тақыраптары бойынша лекция оқыды.