АТУ-да «Түркіменстаннан келген студенттерге арналған Қазақ тілі бойынша жұмыс дәптері» әзірленіп, шығарылды

«Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының оқытушылары мен мамандары «Түрікменстаннан келген студенттерге арналған қазақ тілі бойынша жұмыс дәптерін» әзірлеп, басып шығарды. Жұмыс дәптері А1 деңгейінің бағдарламасын басшылыққа ала отырып, сөйлеу әрекетінің түрлеріне құрылған сабақтар жеңілден күрделіге қарай берілген.

Авторлар қос тілдің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ескеріп, студенттердің тілдік деңгейін көтерумен қатар сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және қазақ елін таныстыруға арналған тапсырмаларды қамтыған. Жұмыс дәптері түркімен балаларының қазақ тілі деңгейіне арналып жасалған алғашқы еңбек болып табылады және студенттер тарапынан оң пікірлер ие болды.