АТУ-да «Start-UP ATU-2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Жобаларды тыңдау нәтижелері бойынша "START-UP ATU-2024" жеңімпаздары анықталды:

1. Инжиниринг және ақпаратты технологиялар факультетінің студенттері Болатбек С., Әлібеков Е.Н. START-UP жоба «Автоматика элементтері мен құрылғылары» оқу-тренажер стендінің үлгілерін әзірлеу»;
2. Инжиниринг және ақпаратты технологиялар факультетінің студенттері Саурық Ж., Туребаев Р. START-UP жоба «Білім беру саласы үшін робот конструктор моделін әзірлеу»;
3. Тағам технологиялары факультетінің студенттері Абышева К., Новоковский Д., Шаримгалиев А. START-UP жоба «Пектин полисахаридтеріне негізделген өсімдіктердің өсуін реттегіш»;
4. Тағам технологиялары факультетінің студенттері Бекарыстанова А., Бекжан Қ. START-UP жоба «Қолжетімді құрт».

Стартап жобаларды іске асыру үшін «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорынан гранттар және АТУ ректорының гранты бөлінді.

Біз "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорының меценаттарына және университет басшылығына талантты студенттерімізді және START-UP қозғалысын қолдағаны үшін алғыс айтамыз! Ал жеңімпаздарымызға жобаларды табысты іске асыруды және жаңа жетістіктер тілейміз!