АТУ-да Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті!
Іс-шара аясында "әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының ассистент-профессоры, PhD докторы Шашаева Малика Ауезханқызы баяндама жасады. Өз сөзінде ол Республика күнінің тарихи маңыздылығын және оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін атап өтті.
Іс-шара барысында университеттің бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ АТУ Ректоры Талғат Құралбекұлы Құлажановтың білім беру және тәрбие қызметін дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ кәсіби және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара ел тарихына деген құрметті нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға және жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды оқиға болды.
Сондай-ақ, Республика күнін мерекелеу аясында университет студенттері мен қызметкерлері үшін сыйлықтар мен тәттілер ұсынылған тақырыптық интерактив ұйымдастырылды, оның барысында қатысушылар Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы білімдерін көрсетті.










