АТУ-да "Университетті дамытудың стратегиялық бағдарлары" тақырыбында ректораттың профессор-оқытушылар құрамымен семинар-кездесуі өтті

АТУ-да "Университетті дамытудың стратегиялық бағдарлары" тақырыбында ректораттың профессор-оқытушылар құрамымен семинар-кездесуі өтті. 

Іс-шарада: АТУ бірінші проректоры, Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы " Стратегиялық басымдықтары және академиялық кезеңдегі білім беру қызметінің міндеттері" баяндамасымен, ғылым және инновациялар жөніндегі Проректор, Алиев Баходир Азимджонович " Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми жұмысының жетістіктері және жаңа мүмкіндіктері" баяндамасымен, тәрбие ісі жұмысы жөніндегі Проректор Балхыбекова Коркем Сатылхановна " Жастарды тәрбиелеудегі нәтижелер, қиындықтар және даму мүмкіндіктері" баяндамасымен сөз сөйледі, жастарды тәрбиелеудегі қиындықтар, өсу нүктелері".

Іс-шараның мақсаты алдағы академиялық кезеңге арналған білім беру, ғылыми және тәрбие қызметінің стратегиялық басымдықтары мен міндеттерін белгілеу болды. Кездесу барысында университетті дамытудың негізгі бағыттары және оларды жүзеге асырудағы профессор-оқытушылар құрамының рөлі талқыланды.