АТУ-да "TOLYQ ADAM" ұлттық тұжырымдамасы аясында қазақ кино дубляж актері Бекжан Асаубайұлы Тұрыспен шығармашылық кездесу өтті

АТУ-да "TOLYQ ADAM" ұлттық тұжырымдамасы аясында қазақ кино, театр және дубляж актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Асаубайұлы Тұрыспен шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар белгілі қазақстандық кино және театр актрисасы, әнші, Салтанат Бақаева @saltanat_bakayeva және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының менеджері Марзия Мамидолдина.Бекжан Асаубайұлы өзінің шығармашылық жолы туралы айтып, өмірдегі қызықты фактілермен бөлісті, сондай-ақ музыкалық және аспаптық композициялар орындалды.