АТУ-да "Қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлауды дамыту перспективалары"Форсайт сессиясы өтті

АТУ-да "Қызмет көрсету саласы" (Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің "Қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлауды дамыту перспективалары " Форсайт сессиясы өтті
Іс-шараның мақсаты жаңа үрдістер мен технологияларды ескере отырып, болашақта мейрамхана және мейманхана бизнесі саласында сұранысқа ие болатын негізгі дағдылар мен құзыреттерді айқындау және білім беру бағдарламаларын бейімдеу және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлау үшін ЖЖОКБҰ, бизнес және мемлекет арасындағы әріптестікті дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Іс-шараның спикерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы басшысының м. а., Рысгуль Орынбасаровна Кудретуллаева; АТУ бірінші проректоры, Бауыржан Құмарғалиұлы Нұрахметов; "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, қазақстандық туристік қауымдастықтың төрағасы, қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті, Шайкенова Рашида Рашидовна; Анталиядағы туризм академиясының Халықаралық бөлімінің басшысы, Жержеря Клавдия Алексеевна; ҚР рестораторлар клубы қауымдастығының негізін қалаушы және қаржы директоры, Лебедева Ирина Маратовна; "Caspian Academy" халықаралық білім және Мансап орталығының "JobTürkiye" брендінің құрылтайшысы, Алиев Камран Назим Оглы; "Туризм және сервистік қызмет көрсету" кафедрасының профессоры, д.э.н., "AS – TIMIAN" мейрамханасының бас директоры, Абдыгаппарова Сауле Билаловна; "Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty" қонақ үйінің операциялық директоры, Байгожаева Назым және өзге де қонақтар.