АТУ-да «PSYCHOEXPRESS ATU» университеттік жобасы аясында психологиялық қолдау қызметі мамандарының экспресс-консультациялары өтеді
Құрметті студенттер!
«Қауіпсіз орта» республикалық жобасы аясында сіздер үшін университеттің «PSYCHOEXPRESS ATU» жобасы шеңберінде Психологиялық қолдау қызметі мамандарының тегін экспресс-консультациялары өтеді.
Бұл шара эмоционалдық және психологиялық қолдау көрсетуге, мазасыздық деңгейін төмендетуге, өзіне және өз күшіне деген сенімді арттыруға бағытталған. Қатысуға барлық ниет білдірушілер шақырылады!
Күні: 2026 жылғы 4 мамыр
Уақыты: 10:00–12:00
Өтетін орны: Төле би көшесі, 100, Бас оқу ғимаратының фойесі
Күні: 2026 жылғы 5 мамыр
Уақыты: 10:00–12:00
Өтетін орны: Райымбек даңғылы, 348/4, №2 оқу ғимаратының фойесі