АТУ-да ПҚҚ ұйымдастырған "Jarqyn omir" әлеуметтік жобасымен бірлесіп тренинг өткізді
АТУ-да психологиялық қолдау қызметі ұйымдастырған "Jarqyn omir" әлеуметтік жобасымен бірлесіп, қызметкерлер үшін "Тиімді коммуникациялар мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту" тақырыбында тренинг өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты қатысушыларға кәсіби қарым-қатынасты жақсартуға көмектесу, клиенттермен және серіктестермен қарым-қатынасты нығайту және өз командасын басқару үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту болды.
"Jarqyn omir" әлеуметтік жобасының жетекшісі Инсенова Дильнар Алдияровна мен психолог Кулназарова Шара Жасағанбергеновнаға қызықты әрі ақпараттық тренинг үшін алғысымызды білдіреміз.