АТУ-да оқытушылар мен кураторларға аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар өтті
АТУ-да оқытушылар мен кураторларға аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар өтті.
АТУ-да кураторлар мен оқытушыларға арналған «Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні: педагогтің аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша іс-әрекет алгоритмі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның спикерлері: АТУ Психологиялық қолдау қызметінің басшысы Алимхан Дамеш Тореханқызы және Суицидология қызметінің жетекшісі.
Қатысушылар тәуекел белгілерін, студенттермен қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерін және дер кезінде әрекет ету алгоритмін талқылады.
Назар аудару, қолдау көрсету және дер кезінде көмек беру — қауіпсіз білім беру ортасының маңызды бөлігі.




