АТУ-да осы көктемнің жарқын әрі көптен күткен оқиғасы – жыл сайынғы «ATU Sultany&Aruy» сұлулық пен талант байқауы өтті!
АТУ-да осы көктемнің жарқын әрі көптен күткен оқиғасы – жыл сайынғы «ATU Sultany&Aruy» сұлулық пен талант байқауы өтті!
Биыл шара жаңа форматта ұйымдастырылып, басты атақтар үшін 8 жарқын жұп бақ сынады. Әрқайсысы көрермендерді тәнті етіп, шабыт сыйлады. «ATU Sultany&Aruy» атағына үміткерлерді ең жұлдызды қазылар алқасы бағалады: Алматы аруы, модель, «FM_MODEL» модель агенттігінің иесі Малик Фарида, MRS Kazakhstan 2026 иегері Айгүл Бексеитова @aigul.bexeitova, «Орда» этно-жобасының көркемдік жетекшісі Қабжан Сүлейменов, Miss Almaty 2024 жеңімпазы, блогер, модель Сауранбаева Елдана @eldanasauran, театр және кино актері, продюсер Ермек Ақылбекұлы @yermekduisenov.
«ATU Sultany&Aruy 2026» жеңімпаздарын құттықтаймыз!
1 орын және «Эндаумент АТУ» ҚҚ @endowmentfund.atu тарапынан 100 000 теңгелік сертификаттар
Усен Ерасыл және Ысқақ Асылай
2 орын және 75 000 теңгелік сертификаттар
Бақберген Темірлан және Асқар Балжан
3 орын және 50 000 теңгелік сертификаттар
Ерболұлы Дамир және Рахатдинова Ұлмекен
Малик Фарида мен «FM_MODEL» @fm_modelmgmt модель агенттігінің арнайы сыйлығы – 500 000 теңгелік сертификат Усен Ерасыл мен Рахатдинова Ұлмекенге табысталды.
Іс-шараның демеушілеріне алғысымызды білдіреміз: АТУ ректоры Құлажанов Талғат Құралбекұлына, «Эндаумент АТУ» ҚҚ @endowmentfund.atu, Eleon Dress @eleon.dress кешкі көйлектер салонына, @7oclock_kz ауыз су брендіне, Coca-Cola Kazakhstan @cocacolaicecekkz компаниясына, АТУ Мансап орталығына @atu_career.center.


















