АТУ-да «МжЖБ» білім беру бағдарламасы бойынша тақырыптық кабинеттің салтанатты ашылуы өтті
АТУ-да "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы бойынша тақырыптық кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға университет басшылығы, студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ шақырылған қонақтар: "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы, Абилова Айгерим Женисовна, "ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" басшысының орынбасары, Сейдалиев Нұрсұлтан Ақылбекұлы, ҚР Кәсіпкерлер палатасының "Атамакен" Жетісу аудандық филиалы бойынша Директоры Рахимова Нұрбике Алтайқызы.
Іс - шара аясында 6В04103-Мемлекеттік және жергілікті басқару ББ 4 курс студенттеріне Жас мемлекеттік қызметші мектебінде оқудан өткен дипломдар табысталды.
АТУ Экономика және бизнес факультеті "Экономика және менеджмент" кафедрасында заманауи және сұранысқа ие мамандықтар бойынша ең жоғары кәсіби мамандарды даярлайды. Біздің түлектер Қазақстан экономикасының түрлі салаларында: экономиканың нақты секторында, қаржы-банк жүйесінде, мемлекеттік қызметте, жоғары оқу орындарында, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарында жұмыс істейді.
6В04103 Мемлекеттік және жергілікті басқару
6В04101 Экономика
6В04102 Менеджмент
АТУ коды 053
АТУ-ға түсіңіз!!! Ең үздік білімді таңдаңыз!!!
Толығырақ: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08