АТУ-да «Менің өмірімдегі Стандарттау және метрология» тақырыбында қонақтар дәрісі өтті
АТУ-да РМК «Қазстандарт» Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының стандарттау бөлімінің басшысы Алексеева Любовь Яковлевнаның «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыты бойынша оқитын тағам технологиялары факультетінің студенттеріне арналған «Менің өмірімдегі Стандарттау және метрология» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Любовь Алексеевна студенттерімізге «КазСтандарт» қызметінің бағыттары, мамандықтың маңыздылығы мен сұранысы және осы бағыт бойынша өзінің жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді.
Любовь Алексеевнаға қызықты дәрісі үшін және АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сабралиева Марина Дуйсенгалиевнаға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз.
Іс-шараны АТУ Қамқоршылық кеңестері мен АТУ мансап орталығы ұйымдастырады.