АТУ-да «Мамандықтардың оқу жоспарларын үйлестіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

АТУ-да Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті тарапынан «Мамандықтардың оқу жоспарларын үйлестіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға текстиль және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ сән мен дизайн салалары үшін мамандар даярлайтын бейінді колледждер қатысты. Дөңгелек үстелге 25-тен астам бейінді колледждің өкілдері қатысты.

Іс-шараны АТУ-дың Бірінші проректоры Нурахметов Бауржан Кумаргалиевич ашты.

Баяндамалармен Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің деканы Сарттарова Ляззат Тургунбековна, сондай-ақ факультет кафедраларының меңгерушілері мен колледждердің өкілдері сөз сөйледі.

Талқылау барысында АТУ мен бейінді колледждердің оқу жоспарларын сәйкестендіру, білім беру бағдарламалары арасындағы симбиоз, сондай-ақ бейінді колледж түлектерінің өз бағыттары бойынша біздің университетте білімін сәтті жалғастыруына мүмкіндік беретін тетіктер жан-жақты қарастырылды.