АТУ-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

АТУ-да Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жаңа Қазақстанның басым құндылықтары: ХХІ ғасырдың басындағы Білім берудегі заманауи инновациялар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылар мен студенттер, білім басқармаларының өкілдері, мектеп пен колледждердің директорлары, оқытушылары қатысты.

Конференция үш секция бойынша өтті:

  • 1941-1945 жж. Қазақстандықтардың соғысқа қатысуы және тылдағы жұмысы
  • ХХІ ғасырдың басындағы білім берудің құндылық негіздері және жасанды интеллект.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру