АТУ-да «Конкурс өткізбей мемлекеттік қызметке тағайындалу мүмкіндіктері мен тәртібі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады? Жас мамандар алдында қандай мүмкіндіктер мен перспективалар ашылады? Осы және басқа да сұрақтарға АТУ Экономика және бизнес факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиевтің «Конкурс өткізбей мемлекеттік қызметке тағайындау мүмкіндіктері мен тәртібі» тақырыбындағы қонақ дәрісінде жауап алды.

Кездесу барынша ашық әрі мазмұнды өтті: біздің жас мамандар мемлекеттік қызметке тағайындау тәртібімен, қолданыстағы мүмкіндіктермен және кәсіби болашағын мемлекеттік сектормен байланыстыруды жоспарлап отырған кандидаттарға қойылатын талаптармен танысты.

Іс-шараны АТУ Мансап орталығы ұйымдастырды.