АТУ да HeadHunter Орталық Азия еңбек нарығының трендтері туралы қонақ дәрісі өтті

АТУ Экономика және бизнес факультетінің, сондай-ақ Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері үшін «HeadHunter Орталық Азия» компаниясының маркетинг және PR жөніндегі менеджері Мұхамед Бағдатұлының «Негізгі трендтер, сұранысқа ие бағыттар және жұмыс берушілердің талаптары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында Мұхамед Бағдатұлы еңбек нарығының мамандарға қоятын өзекті талаптары, жұмыспен қамту саласындағы ең сұранысқа ие бағыттар, сондай-ақ табысты үміткер иеленуі тиіс жеке қасиеттер мен кәсіби дағдылар туралы кеңінен баяндады.

«HeadHunter Орталық Азия» - Қазақстан аумағында және Орталық Азияның барлық елдерінде табысты дамып келе жатқан, интернет-рекрутмент саласындағы ең ірі компаниялардың бірі.

Іс-шара АТУ Мансап орталығының ұйымдастыруымен өтті.