АТУ-да германияның HUMBOLDT-UNIVERSITÄT ZU BERLIN университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы ю.Р. Плоткинмен кездесу өтті!

2026 жылғы 15 қазанда Алматы технологиялық университетінде Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультетінің «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық қонақ дәріс өтті.

Дәрісті Германияның Humboldt-Universität zu Berlin университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Ю.Р. Плоткин жүргізді.

Дәріс барысында профессор инженерия, электротехника және заманауи технологиялар саласындағы ғылыми бағыттар мен өзекті мәселелерге тоқталды.

Кездесу студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және профессор-оқытушылар құрамына халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және жаңа ғылыми идеялар алмасуға мүмкіндік берді.

Мұндай халықаралық кездесулер университеттің академиялық байланыстарын нығайтуға, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және болашақ инженерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

FIiIS – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ!