АТУ-да экспериментті жоспарлау негіздері және ғылыми мақалаларды жариялау бойынша семинар өтті

АТУ-да жас ғалымдарға, магистранттар мен докторанттарға арналған семинар өтті.
Іс-шара аясында PhD, қауымдастырылған профессор Тлевлесова Д.А. келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
— «Экспериментті жоспарлау және деректерді талдау негіздері»;
— «Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін жоғары рейтингті журналдарға мақала жариялау».
Семинар барысында қатысушылар заманауи ғылымның өзекті мәселелерін, ғылыми жарияланымдарды дайындау ерекшеліктерін және халықаралық рейтингтік журналдардың талаптарын талқылады. Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің сапасын арттыру, академиялық сауаттылық пен жарияланымдық белсенділікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, деректерді статистикалық талдау, сондай-ақ халықаралық рейтингтік журналдарға ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау бойынша пайдалы ақпарат алды. Ғылыми жұмыстарды рәсімдеудің тәжірибелік аспектілері, жарияланымға журнал таңдау және зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.
Семинар тәжірибе алмасуға, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға және жас зерттеушілердің кәсіби дамуына арналған тиімді алаңға айналды.