АТУ-да дәстүрлі ATU ALUMNI MEETUP түлектер кездесуі өтті
ATU Alumni Meetup әртүрлі буын өкілдерін, соның ішінде мерейтойлық түлектерді бір алаңда тоғыстырды.
Іс-шараға университет басшылығы, факультет декандары және АТУ-дың Мансап орталығының директоры қатысты.
Кездесудің ресми бөлімінде түлектер университеттің жетістіктері, халықаралық ынтымақтастық нәтижелері, ғылыми инфрақұрылымның дамуы және АТУ-дың алдағы даму перспективалары туралы ақпарат алды.
«АТУ Эндаумент» корпоративтік қорының директоры, серіктестіктерді дамыту жөніндегі үйлестіруші Қаламбаева Әсел Болатқызы Түлектер қауымдастығы мен АТУ Эндаумент-қорының даму бастамаларын таныстырып, қордың жаңартылған Қамқоршылық кеңесінің құрылуы және «АТУ түлектерінің шәкіртақысы» жобасының іске қосылуы туралы баяндады.
Бейресми жағдайда түлектер бір-бірімен еркін пікір алмасып, студенттік шақтағы жарқын естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, университет түлектері қауымдастығын дамытуға қатысты жаңа идеяларды талқылады.
Сондай-ақ түлектер үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар Ғылыми кітапхананы, заманауи оқу аудиториялары мен зертханаларды аралап, Қабылдау комиссиясының жұмысымен, сондай-ақ АТУ-дың жаңа жобалары мен инфрақұрылымымен танысты.
ATU ALUMNI MEETUP — университет пен оның түлектері арасындағы байланысты нығайтуға, кәсіби қауымдастықты дамытуға және жаңа бірлескен бастамаларды қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң.





