АТУ-да Дүниежүзілік метрология күніне арналған дөңгелек үстел өтті

АТУ-дың Тағам технологиялары факультетінде «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы мен «ҚазСтандарт» РМК ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік метрология күніне арналған «Метрология: саяси шешімдер қабылдау үдерісіне сенімді нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға АТУ-дың серіктес компанияларының өкілдері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында метрологиялық қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері мен шешім қабылдау үдерісіне деген сенім мәселелері талқыланды. Бұл бағыттар бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мен өнімнің сапасы және қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру үшін стратегиялық маңызға ие.

Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ұйымдары мен техникалық реттеу саласындағы мекемелер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ стандарттау, сертификаттау және метрология салаларында практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.