Ату-да «Әділет» партиясы қалалық штабының мүшелерімен кездесу өтті
АТУ-да университет қызметкерлерінің «Әділет» партиясы қалалық штабының мүшелерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға «Әділет» партияның қалалық штабының өкілдері – Күнтубай А.С., Қайдарова Д.Р., Темірбаева А.М., Каримова Б.С. және Жұмағалиева Р.Х. қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық-саяси дамудың өзекті мәселелері, мемлекеттік реформаларды іске асырудағы партиялық бастамалардың рөлі, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды дамытудың перспективалары талқыланды. Сонымен қатар азаматтық белсенділікті арттыру, қоғамдық диалогты нығайту және жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға кеңінен тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.







