АТУ-да бітіруші курс студенттерінің "Қаржы орталығы"АҚ Алматы өкілдігінің аға маманымен кездесуі өтті
"АТУ-да бітіруші курс студенттері «Қаржы орталығы» АҚ Алматы өкілдігінің аға маманы Абылай Амангелдіұлы Тыныбековпен кездесті.
Кездесу барысында студенттерге грантты өтеу тәртібі, сондай-ақ жаңа ережелер мен өзгерістер туралы толық ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер студенттердің мемлекеттік грантты өтеу талаптарын тереңірек түсінуіне және соңғы өзгерістерден хабардар болуына көмектеседі."











