АТУ-да бірінші курс студенттеріне арналған Welcome Day өтті

АТУ-дың бірінші курс студенттері үшін студенттік өмірдегі ең маңызды әрі ерекше оқиғалардың бірі-ATU Welcome Day өтті. Биылғы жылы іс-шара ATU City стилінде ұйымдастырылды.

Университетіміз жаңа студенттерін дәстүрге сай жарқын әрі креативті түрде қарсы алды. Университет басшылығының құттықтауы мен ізгі тілектері, шығармашылық студенттік ұжымдардың әсерлі концерттік бағдарламасы, ойын алаңдары мен фотозоналар, жаңа кездесулер мен таныстықтар, АТУ-дан сыйлықтар мен жүлделер, сондай-ақ DJ&MC ZERO-ның ең көңілді Music Mix бағдарламасы-бірінші курс студенттері үшін жаңа оқу жылы осылай басталды.

Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге тек жоғары нәтижелер, толағай жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!Бәрі де АТУ-мен!