АТУ-да бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша профилактикалық жұмыс апталығы өтті

АТУ-да бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша профилактикалық жұмыс апталығы өтті. Осы іс-шара аясында «Rahym» әлеуметтік жобасымен бірге «Isker isi» және «Қауіпсіз орта» жобалары аясында «Алаяқтықтың негізгі әдістері мен тәсілдері. Қылмыстың және нашақорлықтың алдын алу. Қаржылық сауаттылық» тақырыбында семинар-дәріс өткізілді.

Іс-шарада 32-ден астам спикер баяндама жасады, олардың ішінде Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының мамандары, психологтар, АТУ Денсаулық сақтау пункті мен "KAZMED" медициналық орталығының медициналық қызметкерлері, нейромаркетолог, жастар кеңесінің қызметкерлері және АТУ тәрбие жұмысы жөніндегі Проректор.

Іс-шараны АТУ психологиялық қолдау қызметі ұйымдастырды.