АТУ-да барлық факультеттердің 1-курс студенттеріне арналған Спартакиада аяқталды

АТУ-да барлық факультеттердің 1-курс студенттеріне арналған Спартакиада аяқталды. 5 күн бойы біздің бірінші курс студенттері спорттың 12 түрі бойынша жарысты: баскетбол, стритбол, волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, бадминтон, дартс, қол күресі, кір көтеру, арқан тарту.

Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

1 орын Экономика және бизнес факультеті

2 орын Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті

3 орын Тағам технологиялары факультетi

4 орын Биотехнология және химиялық технологиялар факультеті

5 орын Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті

6 орын Ақпараттық технологиялар факультеті