АТУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
АТУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жиын барысында университет басшылығы профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді мемлекеттік мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің ел дамуы мен білім беру жүйесі үшін маңызын атап өтті.
Салтанатты бөлім аясында университеттің дамуына, білім беру және ғылым саласына қосқан үлесі үшін бірқатар АТУ қызметкерлері марапатталды.
Іс-шараның жалғасында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, онда студенттік ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.






