АТУ-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өз мәресіне жетті.

АТУ-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өз мәресіне жетті.

Олимпиада еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік студенттерді біріктіріп, білім мен кәсіби дағдыларды көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды: 19 университет, 25 команда, 82 қатысушы.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік қатысушылар лайықты марапаттарға ие болды!

Әрбір қатысушы жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен дамуға деген ұмтылысын көрсетті. Бұл тәжірибе олардың болашақ кәсіби жетістіктеріне берік негіз болатыны сөзсіз!

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Толық ақпарат пен жеңімпаздар тізімі университеттің ресми сайтында жарияланды.

 

Жеке біріншіліктегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер (ҒЖБМ дипломдары)